Жарыста 13 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталады. Бұл жолғы турнирге әр елдің ең мықты жас боксшылары келген.
Шымкентте Сидней олимпиадасы және Әлем чемпионатының қола жүлдегері, "Парасат" орденінің иегері Мұхтархан Дәлдабековтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында VII халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Биыл жарысқа қазақстандық былғары қолғап шеберлерімен өзге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Түркменстан мемлекеттерінен жалпы 130 ға жуық спортшылар келген.
Жарыста 13 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталады. Бұл жолғы турнирге әр елдің ең мықты жас боксшылары келген. Жас боксшылар айтулы сайыс арқылы өздерінің тәжірибесін шыңдайды. Ал, Мұхтархан Ділдабеков турнирде ең мықты боксшыға өзінің жүлдесін дайындап қойғанын жасырмады.
Ақтық сайыстары 26 сәуір күні өтеді.