Ресей атынан өнер көрсеткен әлемнің бес дүркін чемпионы Ақтауға көшіп келеді

0
1 103

Әлем чемпионына Маңғыстау ұнаған.


Ресей атынан өнер көрсеткен әлемнің бес дүркін чемпионы Ақтауға көшіп келеді

ERNUR.KZ. Шахматтан бес дүркін әлем чемпионы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановпен кездесу барысында Ақтауға көшіп келіп, сол өңірдің атынан өнер көрсету ниеті барын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Соңғы екі жылда жас спортшы Мәскеу облыстық шахмат федерациясы атынан өнер көрсетіп, Ресей намысын қорғап келді. Гарри Каспаров оған АҚШ-тың шахмат клубы атынан өнер көрсетуді ұсынды. Алайда 2019 жылы ақпанда Бибісара Қазақстанға оралатыны жайлы мәлімдеді.

Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Атасы шахмат ойнауды үйреткен. Бірінші ойынын төрт жасында өткізген. Алты жасында қала чемпионы атанды.

2018 жылы күзде жас гроссмейстер Aktau Chess Open жарысында блиц және жылдам шахмат бойынша халықаралық турнирге қатысты. Сол кезде Бибісараның айтуынша, оған Маңғыстау ұнаған.

"Біз Ресейде айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. Бибісара онда жақсы тәжірибе жинады. Біз бұрындары да Отанға оралуды жоспарладық. Соңғы шешімді біз Ералы Тоғжановтың Aktau Chess Open ұсынысынан кейін қабылдадық. Біз еліміздің патриотымыз және менің қызым енді Қазақстанның намысын қорғайтынына бақыттымыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа, сондай-ақ бізді әрдайым қолдайтын барлық қазақстандықтарға алғыс айтамын", - деді чемпионның анасы Лиана Таңжарықова.

Өңір басшысы Бибісараға Маңғыстау облысының атынан өнер көрсету шешімі үшін алғысын білдірді.

"Біз облыста шахмат мектебін ашуды жоспарлап отырмыз және осы спорт түрінің өркендеуіне күш саламыз", - деді Тоғжанов.

Наурызда Астанада классикалық шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 14 елінен ең мықты құрамалар қатысады. Осы деңгейдегі шара Қазақстанда тұңғыш рет өтпекші. Әрбір елден төрт мықты ойыншы қатысады. Бибісара Асаубаева Қазақстан құрамасының сапында Маңғыстау облысының өкілі ретінде өнер көрсетеді.