Шымкентте ережесіз жекпе-жектен турнир өтті

0
2 630

ERNUR.KZ. Шымкентте ережесіз жекпе - жектен "Alash Pride" проумотерлік компаниясының ұйымдастыруымен турнир өтті,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Шымкентте ережесіз жекпе-жектен турнир өтті

ERNUR.KZ. Шымкентте ережесіз жекпе - жектен "Alash Pride" проумотерлік компаниясының ұйымдастыруымен турнир өтті,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алғашқы жекпе - жекте шымкенттік Ғалымжан Қанаев өзбекстандық Хусниддин Нишоновқа қарсы төбелесті.

Қос спортшы жоғары дайындықпен келгенін паш етіп жанкүйерлерге өте қызықты жекпе - жекті ұсынды. Мұнда отандасымыздың жолы болып, жеңімпаз атанды. Қазақтандық тағы бір спортшы Бақтияр Несіпбек ресейлік қарсыласы Хазри Абдуллаевтан басым түсті.

Сондай - ақ, қырғызстандық спортшылардың да жолы болды. Көпшіліктің назарындағы кездесу - нәзік жандылар, қазақстандық Замзамгүль "Бопай" Файзолланова мен ресейлік Злата Шефтор арасында өтті.

Бірінші раундтта Злата ширақ қимылдап қарсыласына бірнеше соққылар бағыттаған болатын. Бірақ, қазақ күресінің әдісін жақсы меңгерген Замзамгүль қарымтасын қайтарды.

Оның жойқын соққысынан Златаның мұрны қанады. Осылайша жекпе - жекті жоғары деңгейде өткізе алған отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті.