WBC допинг дауында Альваресті қолдап мәлімдеме жасады

0
1 264

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің допинг-дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBC  допинг дауында Альваресті қолдап мәлімдеме жасады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің допинг-дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кеңес мәлімдемесінде "Канелоның" көп жылдан бері "Таза бокс" бағдарламасында екені және карьерасында допинг-сынақтан талай рет өткені айтылған. Сондай-ақ, мұның бірінші рет кездесіп отырған жағымсыз оқиға екені айтылады. "Оның абсолют сенім вотумы бар. Мексикадағы уланған ет проблемасы жаңалық емес", - делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, қазақстандық Геннадий Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда мексикалық боксшының қанынан кленбутерол атты допинг табылды. "Канелоның" командасы мұны тамаққа қолданған еттің құрамында болуы мүмкін екенімен түсіндірді. Дегенмен Альварестің екі допинг сынамасы да қанында осы препараттың барын көрсеткен.