Әйгілі төреші өмір бойына жазаланды

0
1 281

Бірнеше күн бұрын рефери ел кубогының финалында кездесетін «Әл-Файсал» мен «Әл-Иттихад» командаларының арасындағы матчқа бас төреші болып тағайындалған.


Әйгілі төреші өмір бойына жазаланды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатында қызмет ететін төрешілер тізіміне өзгеріс енгізуге мәжбүр. Бірер күн бұрын ғана Сауд Арабиясының футбол федерациясы арбитр Фахад Әл-Мирдасиді өмір бойына спорттан шеттетті. Төреші маусым айында Ресейге келуі тиіс еді деп хабарлайды AIQYN.

Бірнеше күн бұрын рефери ел кубогының финалында кездесетін «Әл-Файсал» мен «Әл-Иттихад» командаларының арасындағы матчқа бас төреші болып тағайындалған. Алайда соңғы сәтте оны ойыннан аластап, оның орнына Марк Клаттенбургті тағайындайды. Арабиялық БАҚ-тың хабарлауынша Әл-Мирдаси командалардың біріне хабарласып, керекті нәтижені жасап беру үшін ақша сұраған.

–11 мамыр күні кешкілік Әл-Мирдас клуб қызметкеріне хабарласып, оған мәтіндік хабарлама жіберген. Клубтың жеңісіне көмектесемін деп ақша бопсалай бастаған. Ал клуб қызметкері бұл туралы бірден федерацияға хабарлайды. Содан кейін іс мемлекеттік органдарға жеткізілген» деп хабарлады Араб футбол федерациясы. Қазіргі таңда төреші ұсталған. Ол өз кінәсін мойындапты.

Бұл төреші былтыр Ресейдегі Конфедерация кубогында жұмыс істеген. Мексика-Ресей матчында бейнежазбаны қайта қарап, бірақ мексикалықтардың қақпасына пенальти белгілемей қойған еді. Содан кейін Мексика қақпасына офсайдтан соғылған голды есептемеді.