Ж. Әлімханұлы кәсіби рингке алтыншы рет шықпақшы.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы өзінің алтыншы жекпе-жегінде бірден екі титул үшін айқасатын болады, деп жазады ҚазАқпарат.
Орта салмақтағы WBO Global жәнеWBC Continental Americas атақтары үшін шайқас 12 сәуір күні Лос-Анжелесте өтеді.
Ж.Әлімханұлының қарсыласы мексикалық Кристиан Оливас болмақшы, ол үшін бұл жекпе-жек спорттық мансабындағы 21-ші айқас. Ал Ж. Әлімханұлы кәсіби рингке алтыншы рет шықпақшы.
Бұған америкалық менеджер Эгис Климас өз таңданысын білдірді.
«Алтыншы жекпе-жегінде-ақ WBO Global және WBC Continental Americas титулдары үшін айқасқа түсетін Жәнібек Әлімханұлын мақтан тұтамын», - деп жазды ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Жекпе-жекті 12 сәуір күні Qazsport телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады. Басталуы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де.