Қазақстандық боксшының жарқын жеңісі WBO Global титулын қорғап қалуға мүмкіндік берді.
ERNUR.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңді, деп жазады sputnik.kz.
Үшінші раундта қазақстандық бірнеше соққыдан кейін экс-чемпионды нокдаунға түсірді. Бірақ Хассан Н'Дам жекпе-жекті жалғастырды. Осыдан кейін Әлімханұлы қарсыласын соққының астына алды. Сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, отандасымыз жеңіске жетті.
Бірде бір рет жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал 38 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған Н'Дам бұл жолы алтыншы мәрте жеңіліске ұшырады.
Осылайша Әлімханұлы өзінің WBO Global белдігін қорғап қалды. Сондай-ақ ол WBC Continental титулына ие.
Еске салсақ, бокс кешінің басты оқиғасы америкалықтар Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен Шон Портер 31-3-1, 17 КО) арасындағы жекпе-жек болады.