8-НАУРЫЗ мерекесіне қыз-келіншектерге стилистен 8 КЕҢЕС

0
3 264

Көктемнің алғашқы мерекесі – 8-наурыз да жақындап қалды. Жылына бір рет келетін осы мерекені қандай киімде өткізбекшісіз? Киіміңіз көңіл күйіңізге әсер ететінін есте ұстаңыз!


8-НАУРЫЗ мерекесіне қыз-келіншектерге стилистен 8 КЕҢЕС

фото: twitter.com

Атаулы күн қарсаңында, қыз-келіншектерге, жалпы әйелдер қауымына әлемге белгілі стилистердің кеңесін топтап ұсынып отырмыз. Бұл кеңестерді тек бір күн ғана емес, әрдайым есте ұстағаныңыз жөн.


1-КЕҢЕС

«Барлық қыз-келіншектің аяғы әдемі, тек кейбір колготки түсі олардың аяғына үйлеспейді. Әйелдердің бәрі де сұлу, тек сауатсыз шаштараз бен талғамсыз киім сатушы бар» дейді белгілі стилист Влад Лисовец.

Киім дүкеніндегі сатушының бәрінің талғамы жоғары емес, сондықтан олардың ұсынғанының барлығы жарасады деп қате ойламаңыз. Қымбат әсемдік салонның барлығында нағыз шеберлер отыр деп келте ойлаудан да сақтаныңыз. Олай болса, киімнің де, шаш үлгісінің де өзіңізге ыңғайлысын, көшеде жүргенде, көпшілік ортасында ешкімнен қысылып-қымтырылмайтынын таңдаңыз.


2-КЕҢЕС

Фото: brtua.com

Коко Шанель «Әдемі киіну үшін жас немесе сұлу болу міндетті емес» деген. Тек, өз өлшеміңіздегі киімді киіңіз дейді Коко.

Егер жүрген кезде юбкаңыздың немесе көйлегіңіздің етегі жоғары «жылжып» көтерілетін болса, онда басқа фасонға немесе бір размер үлкеніне алмастыруыңыз қажет. Көйлегінің етегін әр қадам сайын түзету және артық қимыл жасаса бір жері сөгіліп кететіндей қорқыныштағы кейіп әйелді күлкілі көрсетеді.


3-КЕҢЕС

Кез келген әйелдің гардеробындағы киімдер үшке бөлінеді: өзі үшін, күйеуі үшін және өзгелер үшін. Осы үшеуін алмастырып алмаңыз.

Сондай-ақ, ешқашан денеңіздің пішінінен ұялмаңыз. Жаратушыдан артық мүсінші жоқ. Ол сізге қандай сымбат берді, демек бұл сізге жарасады. Тек сол мүсініңізге жарасатын киім таңдай білсеңіз болғаны.


4-КЕҢЕС

Фото: modesens.com

«Безумцы» сериалының стилисті Джейн Брайант «Кейбір қыздар еркекті тамсандырамын деп кездесуге тым ашық-шашық киінеді. Бұл дұрыс емес. Тартымды, сәнді киініңіз, бірақ ашық емес» дейді. Қысқаша айтқанда, белгілі стилист «Қылдай беліңізді, бөксеңізді, көкірегіңізді денеңізге жабысып тұратын көйлекпен көрсетіңіз, алайда еркектің қиялдауына да орын қалдырыңыз. Бір жеріңізді көрсетсеңіз, екінші бір жеріңізді жұмбақ күйінде жасыра біліңіз.


5-КЕҢЕС

Көк түсті көйлекпен ақ түсті туфли керемет үйлеседі, бірақ есте ұстаңыз, ақ түсті туфлиді кешкі сағат 17-ден соң киюге болмайды. Кешкі кездесуге қоюлау түсті таңдаған дұрыс.


6-КЕҢЕС

Егер, әлі тұрмысқа шықпаған қыз немесе басы бос келіншек болсаңыз және өмірлік жар болар ер-азаматты жолықтыру ойыңызда болса, онда киім таңдарда мынандай ой жаттығуына жүгініңіз.

Қандай стильде киінген ер-азамат ұнайды? Көз алдыңызға елестетіңіз. Оның қасында қандай әйелді көресіз (ойша)? Сіз де дәл солай киінуге тырысыңыз. Бұл ой жаттығуы киім дүкеніне барғанда дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.


7-КЕҢЕС

Фото: golifehack.ru

Аяқ киіміңіз әрқашан таза болсын. Сондай-ақ, егер аяғым ұзын боп көрінсін десеңіз, туфли мен колготки түсі немесе шалбар мен аяқ киім түсі бірдей болсын. Бұл аяқты ұзартып көрсетеді.


8-КЕҢЕС

Мерекелік кешке киінудің екі ережесі бар: не киім жылтырап тұру керек, не аксессуар. Екеуі де жылтырап тұрса – сауатсыздық.


Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Сізге қандай ФАСОНДАҒЫ той көйлегін киюге болмайды?


40+ ЖАС: Қандай шаш үлгісі ЖАСАРТАДЫ, қайсысы ҚАРТАЙТАДЫ?