Қандай сыйлық ұнайды?
фото: alevtinja.blogspot.com
Жылына бір келетін халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ханымдарды қуантып қана қоймай, оған шабыт сыйлайтын және оған сүйіспеншілігіңіз бен қамқорлығыңызды білдіретін СЫЙЛЫҚ түрлерін таңдауға мүмкіндіктер сыйлайық.
Жеке күтім
8 наурызда құрбыңызға (анаңызға, әжеңізге және өзіңізге) тері күтіміне арналған қандай өнімдер сыйлаған дұрыс?
Жақында 8 наурыз келе жатыр және әрқайсымыз жақын адамдарымыздан қымбат сыйлық күтіп қана қоймай, құрбымызға, анамызға, әжемізге, таныстарымызға және т.б. үшін лайықты сыйлық таңдау үстінде боламыз.
Әйелдер үшін қандай сыйлық маңызды?
Әрине, сыйлық беру маңызды, бірақ ол көптеген факторларға тікелей байланысты (сыйлық бюджеті, қарым-қатынас дәрежесі, жеке қалаулар және т.б.).
Алайда, косметикалық жиынтық кез-келген нәзікжандыға ұнайды және пайдаға асады. Сондықтан, бүгінде қандай косметикалық бренд маңыздылығын жойған жоқ, кеңірек тоқталайық:
1. Құрбыңызға - Lifecode косметикасы
Lifecode тазартқыш көбік
1. Көбік тазартқыш, тазалаудың бірінші кезеңі ретінде ерекше маңызға ие, өйткені ол жақсы тазалап қана қоймай, теріні ылғалдандырып, оны келесі кезеңге дайындауы керек. Гиалурон қышқылы бар Lifecode көбік өзі мәлімдегендей жақсы жұмыс істейді - ол теріні жұмсақ және нәзік тазартатын ультра ылғалдандыратын әсерге ие. Бұл көбік әлбетте ауыр макияжды жеңе алмайды, бірақ күнделікті тазарту үшін керемет өнім.
Lifecode бет тонері
2. Бетке арналған тоник, екінші кезең ретінде теріні одан әрі күтімге дайындайды, қосымша ылғалдандырады және нәрлендіреді. Lifecode тонер тығыздық немесе жабысқақтық сезімін қалдырмай тамаша ылғалдандырады. Тониктерді маркетингтік айла деп санайтындар бар, сондықтан, оның тұтынушылары аз. Дегенмен, бұл да пайдаға жарайтын косметикалық өнім.
фото: сделановмоскве.рф
Биоактивті көтеру сарысуы Lifecode
3. Лифтинг бет сарысуы теріні қосымша ылғалдандыру және нәрлендіру қадамы ретінде бет терісін күтуге арналған қосымша өнім болып табылады. Lifecode биоактивті лифтинг сарысуы жасқа байланысты өзгерістермен және терінің шаршау және қартаю белгілерімен белсенді күреседі, сонымен қатар теріні керемет ылғалдандырады және кремді жағуға дайындайды.
Lifecode кремді майы
4. Денеге арналған крем майы қажет емес деп санасаңыз, бет креміне балама бола алады. Lifecodeнің толық сериясын алсаңыз өкінбейсіз. Өйткені, Lifecode кремді майы терідегі ылғалдың жетіспеушілігін толтыруға, терінің өңін жақсартуға және оның керемет көрінісін қалпына келтіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар оның таңғажайып иісі бар.
2. Анаға - Verifique косметикасы
Анамызға өз бетімізше сыйлық сатып ала алатын болсақ, демек әрқайсысымыз қалыптасқан тұлғамыз. Сондықтан, анамыз да жас емес. Ендеше оның жасына байланысты бірқатар өзгерістері болуы да заңдылық. Әрине, ешқандай косметика жасартып тастамағанымен, дегенмен, тері күтімі өнімдері өз кезегінде қарттықты біршама тежейтіні рас. Осы орайда Verifique брендінен екі өнімді міндетті түрде анаңызға алып беруге тырысыңыз.
Verifique бет пен мойын аймағына арналған ылғалдандыратын крем
1.Фитоэстрогендер бар бет пен мойын аймағына арналған қатайтатын крем терінің серпімділігін қалпына келтіреді, микроциркуляция мен зат алмасу процестерін жақсартады, әжімдермен және жасқа байланысты өзгерістермен күреседі.
Verifique жасартатын жандандыратын бет сарысуы
2. Бетке арналған сарысу. Инкапсулирленген ретинолы бар жасартатын бет сарысуы жасушалардың жұмысын ынталандырады және олардағы метаболикалық процестерді жеделдетеді, терінің регенерациясын арттырады, пигментация мен қабыну процестерін азайтады, фотоқартаю белгілерімен күреседі, тері құрылымын жақсартады және майда әжімдерді тегістейді.
Аналарымыз «балам үшін» деп өмір сүріп, өзіне аяйтыны бар емес пе? Сондықтан, анаңызды қуантуға асығыңыз!
3. Өзіңізге - Lifecode және Art&Fact косметикасы
Көктемде өзіңізге арналған жаңа дене күтіміне арналған өнімдермен қуантыңыз. Өйткені бет терісіне арналған күтім құралдарыңыз көп шығар. Косметикалық брендтің осы екі түрін таңдаған болсаңыз өкінбейсіз. Lifecode және Art&Fact.
Lifecode қол терісіне арналған кремі
1. Lifecode қол кремі қол терісін керемет ылғалдандырады және нәрлендіреді. Қолыңызға ғана емес, аяқ күтімі үшін де қолдана аласыз. Lifecode брендінің аяққа арналған кремі де бар, жақсы ылғалдандырады. мүйізді қабықты жұмсартады және қабыршақтарынан арылтады. Сонымен қатар ол керемет сергітеді. Супер өнім!
Тегістеу әсері бар дене терісіне арналған крем Art&Fact
3. Art&Fact компаниясының тегістейтін әсері бар дене терісіне арналған крем бассейннен кейінгі дене терісі үшін таптырмас көмекші. Бұл крем ылғалдандырып қана қоймайды, сонымен қатар суға түсіп шыққаннан соң барлық кемшіліктеріңізді жояды - құрғақтық, қабыршақтану және қызару сезімі. Терінің тығыздығы. Бастапқыда крем теріні аздап қыздырады, бірақ бұл сезім өте тез өтеді, бірақ кейінгі әсерді сөзбен айтып жеткізе алмассыз.
Баршаңызды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын және жақындарыңыз бен достарыңызға лайықты сыйлық табуларыңызға тілектеспін!
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
«ШЕГГИ - 2024» сәнді шаш үлгісі кімдерге ЖАРАСЫМДЫ?
ЦЕЛЛЮЛИТтен арылу үшін ШЫДАМ керек