​Терінің құрғауы, бетке дақ түсу: ЖАЗ мезгіліндегі мәселелер

0
1 260

Қандай ӨЗГЕРІСТЕР болуы мүмкін?


​Терінің құрғауы, бетке дақ түсу: ЖАЗ мезгіліндегі мәселелер

фото: flectone.ru

Қандай керемет мезгіл, қыстың тоңдырар суық мезгілінен өтіп, қабат-қабат жылы киімдерден арылып, қызғалдақтай құлпыра бастайтын шақ әйелдер қауымының.

Бірақ күн ыси бастағаннан бет терісінде де түрлі мәселелер де туындай бастайды. Әрине тәнімізге де, жанымызға да жылу сыйлаған жайма-шуақ мезгілге орай сұлу да бола білуіміз керек.


Қандай ӨЗГЕРІСТЕР болуы мүмкін?

Әрбір жыл мезгілі ауысқан сайын адамның ағзасы да соған сай жаңарып отырады. Қыз-келіншектердің көпшілігі жаз мезгілігнде бет терісіндегі мынадай өзгерістерді байқай бастайды:

1.Беттің терісі қабыршақтанып, түлей бастайды

2.Тері тартылып тұрған секілді сезім, яғни құрғақтық байқалады

3.Құрғақтықтың әсерінен жарылу

4.Тері әдемі түсін жоғалтып, солғын көрінеді, бозара түседі

5.Бетке әртүрлі дақтар, сепкілдер пайда бола бастайды.


СЕБЕП

Көпшілігіңіз мұндай себептердің қайдан шыққанын білетін боларсыздар?

Біріншіден, суық мезгілде ағза қорғанушы функциясын іске қосады да, тамаққа деген сұраныс арта түседі. Көкөністер мен, жеміс-жидектер жылы мезгілге қарағанда азая түседі. Бұл фактор авитаминозға алып келеді.

Екіншіден күннің сәулесі жеткіліксіз болғандықтан, адамда Д дәрумені жеткіліксіздігі байқала бастайды. Бұл дәрумен өз кезегінде бір ғана тері үшін емес, бүкіл адам ағзасы үшін өте қажетті зат болып есептеледі.

Д дәрумені терінің жастығын, сұлулығын ұзақ сақтаушы өнім. Одан бөлек, көптеген пайдалы минералдардар мен дәрумендердің қоймасы.

Терідегі мәселелердің тағы бір себебі- қыс мезгіліндегі үй, кеңсе, оқу орындарындағы ауаның құрғақтығы. Құрғақ ауа терінің саулығына кері әсерін тигізбей қоймайды. Сонымен қатар, суық ауа-райы да ағзаның қорғаныш механизмін іске қосып, тері өзіне қажетті ресурстарының барлығын беріп қояды. Содан қайта күн жылынған уақытта ультракүлгін сәулесі, терідегі су балансының бұзылысы және басқа да факторлар теріге әсер етеді. Жаз мезгілі келгенде бет терісіндегі әртүрлі мәселелер жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай жылдам шыға келуі осындай себептерден туындайды.


фото:lavali.ru

Қалай КҮТІМ ЖАСАУ керек?

Бет терісіне күтім жасау үздіксіз жүргізілетін процесс. Тек қана жаз мезгілінде тері тазалаушы құралдардың жұмсартушы әсері барын алу керек:

- Ең алдымен бетті тазалаушы құралды таңдаңыз. Теріңіз қалың, тығыз болса гидрофил майын алған дұрыс. Ал теріңіз нәзік, жұқа болса гидрофил май ауырлық етеді. Оның орнына жұмсағырақ сүтшені (молочко) қолданыңыз.

- Екінші қадам бетті жуу құралы (умывашка). Тыныштандырғыш, нәрлендіруші құрамы бар өнімді алыңыз.

- Бетті тазартып жуғаннан кейінгі этап – тоник. Тониктің де теріні тыныштандыратын, нәрлендіретін және ылғалдандыратын эффектісі барын алғаныңыз жөн. Мақта жастықшасымен бетті тазалап сүртіп, терідегі қалып қойған кірді кетіреміз.

- Төртінші қадамда бізді тонер күтіп тұрады. Тонер теріні нәрлендіргі, ылғалдандырғыш керемет өнім.

- Одан кейін сарысу (сыворотка). Терінің түріне қарай таңдап аламыз және соңынан крем жағамыз.

- Аптасына бір рет пиллинг жасауды ұмытпаңыз. Пилингтен кейін бет терісі үшін арнайы майлар бар, соны жағып қойыңыз. Бұндай майды аптасына бір рет қана қолдансаңыз жеткілікті.

Бұл қадамдардың барлығы базалық, бірақ теріге өте қажетті күтім жасау түрі болып саналады.


фото: dermatologcentr.ru


ҚОРҒАУ

Күн сайын теріңізге күтім жасап қана қоймай, оны қорғаудың жолын да жақсы меңгеруіңіз қажет. Өйткені, жаз айларында ғана емес, жылдың төрт мезгілінде де SPF кремін жағып, теріңізді қорғауыңыз керек. Терідегі әртүрлі дақтар мен сепкілдер көбінесе күн сәулесінің кері әсерінен пайда болады.


ДӘРУМЕНДЕРмен қанықтыру

Ағза үшін дәрумендердің, пайдалы минералдардың және қарапайым судың жеткіліксіздігінен келер зиян бар. Мұндай жағдайда тек қана адамның бет терісі ғана емес, аяқ-қолдың, тіпті бүкіл адамның денесіндегі терінің барлығы да құрғап, түлейді. Бұны болдырмас үшін әрине, ағзаны дәрумендермен толықтыру қажет. Тері үшін ең қажетті дәрумендер С,Е,А. Бұлар антиоксидант болғандықтан, терінің ерте қартаюының алдын алады. Сонымен қатар, коллагеннің жұмысын жақсартып, теріге табиғи және сау терінің көрінісін береді. Сондықтан, косметикалық өнімдеріңізді сатып алардан алдын құрамына мән беріңіздер. Міндетті түрде осы 3 дәруменнің болғанын қадағалаңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


РЕМУВЕР не үшін керек? ТЫРНАҚ, КІРПІК, ҚАСқа зияны жоқ па?

КИВИден жасалған МАСКА СОЛҒЫН ТЕРІні жарқыратады