Оның нақты себептері бар.
фото: ru.pinterest.com
Тырнақтың әдемі болуы, күтім көрсетілуі әйелдің өз өзін қаншалықты сыйлайтындығының көрінісі. Жалпы, әйел адам ғана емес, ер адамдардың да қолдары күтімді, тырнақ айналасы таза болғаны дұрыс.
Көпшілігіміз аса мән бермегенімізбен, қолдың қаншалықты күтім көргені сырт көзге айқын көрініп тұрады. Егер тырнақ айналасындағы тері қабыршақтанып немесе кірге толы болып тұрса, қаншалықты ауыр, лас жұмыс істегеніңізді көрінісі ретінде ешкім қабылдай қоймайды. Сондықтан, барынша қолдарыңызға күніне тым болмаса бір ретжатар алдында күтім жасасаңыз, оның да әсері өзіңізге ғана емес, сырт көзге де байқалады.
Тырнақтың айналасындағы тері (кутикула) неліктен қабыршақтанып, бөлініп тұрады? Оның нақты себебі ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туындауы мүмкін.
Сыртқы факторлар
Көбінесе, химиялық заттармен байланысты. Үй шаруашылығымен айналысатын немесе техникалық жұмыстарды жасайтын әйелдердің бетпе-бет келетін мәселесі осы. Үй жинағанда, ыдыс жуғанда және басқа да химиялық заттармен байланысты жұмыстарды атқарғанда барынша сақтық шараларын қолданбай, жалаң қолмен жұмыс істеу қол терісін құрғатып, өңін қашырады. Тырнақты айналасындағы тері де осындай кезде сырылады.

фото: pl.pinterest.com
Маникюрдің дұрыс жасалмауы
Маникюрге жиі-жиі барудың әсерінен тырнақтың айналасындағы теріні дұрыс алмаудан, сапасыз құрал-жабдықтарды қолданудан да тері бұзылады. Одан бөлек, лакты ацетонмен кетіру де мәселені тереңдете түседі.
Қолыңызды «судан шығармау»
Яғни, қолды көп жуудан бөлек, құрамында спирті бар антисептиктерді де көп қолдану теріге зиян.
Ауа райының күрт өзгерісінде де тері жапа шегеді. Күн қатты суып немес шектен тыс ысығанда да қол терісі қорғанышсыз қалады.
Ішкі факторлар
Теріге қажетті минералдар мен дәрумендердің жеткіліксіздігі. Ағзаға қажетті маңызды дәрумендер: темір, мырыш, В тобындағы дәрумендер жетіспегенде де тері құрғап, сырылады.
Әртүрлі аурулардың себебінен
Асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылғанда, қалқанша безінің мәселелері, тері аурулары (экзема, псориаз тағы басқа) себептерден туындауы мүмкін.
Стресс, депрессия. Күйзеліс жағдайлары, жүйке жүйесінің бұзылыстары терінің және тырнақтың саулығына кері әсерін тигізеді.
Не істеу керек?
-Қорғану. Химикаттармен жұмыс барысында міндетті түрде резина қолғап қолдану керек.
-Күтім жасау. Қолға міндетті түрде крем, тырнақтың айналасына арнайы майларды жиі-жиі жағып тұру керек.
-Ылғалдандыру. Қол терісін ылғалдандыруға арналған ванналарды (тұз, эфир майлары, йод қосындылары) қолдану.
- Дұрыс тамақтану. Ақуыз (белок), мырыш (цинк), дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды тұтыну.
- Маникюрге барарда мықты әдістерді таңдау.
- Егер үй жағдайында мұндай мәселелерден арылу қиын болып жатса, арнайы маманға, дерматологқа жүгініңіз.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
Суық ауа райында бетті күтудің қарапайым әдісі


