Тег: жаңалықтар

Алматы мен Самарқан арасында тікелей рейстер қайта ашылды

Рейстерді «FlyArystan» компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) А-320 типті әуе кемелерімен орындайды.

Ресейден заңсыз жолмен көлік әкелгендер ұсталды

Сот үкімімен үш азамат 8, 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды (үкім заңды күшіне енген жоқ).

Қазақстанда үш аптадан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеп жатыр

Мемлекеттің тұрақтандыру қорлары мен өңірлер жасақтаған қорлардан көкөністерді брондаудан шығару жөніндегі шаралар үстіміздегі маусымаралық кезеңде оң нәтижесін беруде.

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды

Құжаттарды egov.kz арқылы тапсыруға болады және бұл 1 тамызға дейін жасалуы керек.

Индонезияда 5,5 магнитудалы жер сілкінісі болды

Зілзаланың ошағы Бим қаласынан солтүстік-батысқа қарай 80 км қашықтықта жатыр.

"Бішкек арқылы өткен": Қаңтардан кейін істі болған генерал Күдебаевтың қайда қашқаны белгілі болды - БАҚ

Бұған дейін Жетісу облысы полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың елден қашып кеткені туралы хабарланған еді.

Қазақстанда тағы 45 адамнан коронавирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 сәуірдің қорытындысы бойынша 45 адам коронавирус жұқтырды, бұл бір күн бұрынғыдан 34 адамға аз.

Алматының құтқарушылары тауда 3 туристі құтқарды

Үш адам Бутаков асуынан Букреев шыңына көтеріліп бара жатқан уақытта қар көшкіні түскен кезде бір турист төменге қарай сырғып түскен.

АҚШ-тың Арканзас штатында бірнеше торнадо болды

Жұма күні Арканзас штатында болған екі торнадодан 600 адам зардап шекті.

Мұрат Әйтенов Нұрсәт шағынауданын сапалы жарықпен қамту жұмыстарын қадағалады

Арнайы бригадалар тұрғын үйлерді жаңа желіге ауыстыруда.