"Бішкек арқылы өткен": Қаңтардан кейін істі болған генерал Күдебаевтың қайда қашқаны белгілі болды - БАҚ

0
899

Бұған дейін Жетісу облысы полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың елден қашып кеткені туралы хабарланған еді.


ERNUR.KZ. Алматы және Жетісу облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың Түркияға қашқан жолы белгілі болды деп жазады Stan.kz

"Бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкері (Күдебаев – ред.) 23-24 наурызда елден қашып кеткен. Ол Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке келіп, одан ары Түркияға кеткен", - дейді дереккөз ақпаратына сүйенген басылым.

Бұған дейін Жетісу облысы полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың елден қашып кеткені туралы хабарланған еді.

58 жастағы полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Тәртіпсіздікке қатысушылар ғимараттағы қару-жарақты қолды қылған.

Бұған дейін полиция генерал-майоры Серік Күдебаев "билікті немесе билікті асыра пайдаланды" деген айыппен орташа қауіпсіздіктегі колонияда тоғыз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені белгілі болған.

Денсаулығына байланысты аурухана түскен Күдебаевты сот бұған дейін мәжбүрлі түрде алдыруға үкім еткен.

Серік Күдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Бұған дейін ол Алматыда алты жылдан астам осындай қызметте болған.