​Бұл ойлар өміріңе тежегіш болады

0
100

Қауіптен қашу бір сәтке алаңдаушылықты азайтады, бірақ...


​Бұл ойлар өміріңе тежегіш болады

Сурет: annabaa.org

Сіз мүлде мән берместен өзіңізге: «Дүйсенбіден бастаймын», «Тағы ештеңе істемедім» немесе «Аз тамақ жеу керек» деп айтып жатуыңыз мүмкін. Бұл сөздер бәрі айтатын әдеттегі тіркес сияқты әрі зиянсыз көрінеді. Дегенмен, дәл солар шешімдеріңізге, көңіл-күйге және өміріңіздің қалай өрбитініне біртіндеп, білдірместен әсер ете бастайды.


«Тағы да ештеңе істемедім»

Әр жолы өзіңізді кінәлі сезгенде ми «жүлде» алады. Ол энергияны үнемдеді, стресс болдырмады және қорытынды жасайды: ештеңені өзгертпеу тиімді! Солайша өзін-өзі сынау ыңғайлы «жолға» айналып, бәрі бұрынғы қалпында қалады.


«Тамақты аз жеу керек»

Ми сізді болашақтағы апатпен қорқытып, «жинақталуға» шақырады. Бірақ қорқыныш өзін-өзі бақылауды емес, алаңдаушылықты іске қосады. Соның нәтижесінде сіз дұрыс тамақтануды ойламай, өзіңізді жаман сезінесіз, ал тамақ энергия көзі емес, дұшпанға айналады.


«Мен ол сияқты істей алмаймын»

Классикалық салыстыру қақпаны. «Қалай оныкі сәтті болып жатыр екен?» деген ойдың орнына «Менде бірдеңе дұрыс емес» деп ойлап, ұнжырғаң түсіп, екпінің қайта береді. Шындығында, бұл салыстыру өзіңді төмендету үшін емес, керісінше, қайда баруға, өсуге болатынын көрсететін бағыт болуы мүмкін еді.


«Маған мынандай адам/нәрсе керек»

Бұл өз құндылығыңды басқа адамдардан, заттардан немесе қабілеттерден іздеудің әрекеті. Ішкі сезімде «Мен осы қалпымда жақсымын» деген ой болмаса, ми мақтауды іздеп, оны беретін көздерге сүйенеді. Бірақ басқалардың бағасы, әсері – әрдайым ауысып отыратын «әткеншек», ал ішкі тірек – тұрақты.


«Дүйсенбіден бастаймын»

Өмірді кейінге қалдырудың керемет тәсілі! Бүгін ыңғайсыз, қорқынышты немесе жалқау боларсыз, бірақ қиялдағы «керемет болашақта» бәрі ұйымдасқан әрі мінсіз болады деп ойлайсыз. Шынында, болашақтағы «сіз» қазіргі жағдайдан айырмашылығы жоқ.


«Жарайды, шыдай тұрармын»

Бұл сөзбен сіз шын мәнінде өзгелерді емес, өзіңіздің ыңғайсыз болудан қорқу сезіміңізді қорғайсыз: қолайсыз нәрселерді жұтып, сырттан бәрі тыныш көрінеді. Бірақ іште шаршау мен ашу жиналады.


«Енді кеш»

Ештеңе бастамау үшін өте ыңғайлы нүкте. Алдын ала крест қойып, ақымақ немесе тәжірибесіз көрінуден қорқасыз. Бірақ уақыт бәрібір өтеді, тек сұрақ – сіз оның ағысында қозғаласыз ба, әлде сол жерде қатып қаласыз ба.


«Кейінірек...»

Қауіптен қашу бір сәтке алаңдаушылықты азайтады, бірақ мәселені фондық шуға айналдырып, көзге көрінбестен күшіңізді сорып алады, тіпті ойлаған сияқты болмайсыз. Ал мәселені бірден қарасаңыз, керісінше, кернеу азаяды.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

СЕНІМДІ қадамдар жасау - күйзелістен алып шығуға көмектеседі