​ОСЫ СӨЗдерді АЙТСАҢЫЗ, жарыңыз СІЗДІ БАҒАЛАЙ ТҮСЕДІ

0
960

Қошемет естіген сайын ер-азаматтың өзін-өзі бағалауы жоғарылайды және қарым-қатынасыңыз жақсарады.


​ОСЫ СӨЗдерді АЙТСАҢЫЗ, жарыңыз СІЗДІ БАҒАЛАЙ ТҮСЕДІ

Қошемет жасағанды тек әйелдер ғана жақсы көрмейді. Ер-азаматтарға да көңіл сүйсіндірерлік, жағымды сөздерді әсіресе өз жарынан есту өте маңызды. Қошемет жасау, жолдасыңызды қаншалықты бағалайтыныңызды және сіз үшін қаншалықты маңызды жан екенін көрсетеді. Қошемет естіген сайын ер-азаматтың өзін-өзі бағалауы жоғарылайды және қарым-қатынасты бағалай түседі.

Бұл қошемет сөздерді ер азаматыңызға жиі айтып тұруға тырысыңыз:


"Мен сені мақтан етемін!"

Жолдасыңызбен мақтана біліңіз. Кейде ер-азаматтар көптеген пайдалы іс атқарып жатса да, соған лайықты мақтау естімейді. «Еркек қой, оның міндеті» деген секілді қоя саламыз. Алайда, бұл дұрыс емес. Қандай да бір ісі үшін «жарайсың» деген мақтау естісе, ол сізді екі есе жылы сезімге бөлейтін болады. Сіздің мақтауыңызды есту үшін, жақсы болуға тырысатыны анық.


"Рахмет, жаным! Мен бақыттымын!"

Бірге бақытты екеніңізді айтуға ыңғайсызданбаңыз. Ер-азамат үшін әйелінің бақытты болғаны маңызды. Бақытты екенімді айтсам дандайсып кетеді екен демеңіз. Керісінше ол көбірек әрекет етіп, бақытыңызды еселей түсуге ұмтылады.

Мүмкін жолдасыңыз тамақты жақсы дайындайтын болар немесе музыкалық аспапта жақсы ойнайтын шығар. Оның қай істі жақсы жасайтыны, қай қыры жақсы екені маңызды емес. Бастысы еңбегі мен талпынысын жоғары бағалайтыныңызды түсінуге мүмкіндік беріңіз. Осылайша өз-өзін жоғары бағалауға себепші боласыз.


"Керемет болып тұрсың!"

Тек әйелдер ғана әдемі болып жүруді қалайды деп ойласаңыз, қателесесіз. Ер-азаматтар да өздерінің тартымды екенін айтқанды жек көрмейді. Егер еріңіздің тартымды болып тұрғанын айтсаңыз, ол өзіне сенімді бола түседі. Сондай-ақ кез келген жағдайда қасында болатыныңызды айтуды ұмытпаңыз.


Есімін атамаңыз

Күйеуінің атын атамай «отағасы», «әкесі», «Бәке», «Жәке» деп атап отырған әйелдерді көргенде, жолдасы қандай адам екен, мықты біреу болып тұр гой деп қызығып қалатыныңыз анық. Сөз адамның ойын ғана емес, бүкіл күйін өзгерте алады. Егер жолдасыңыздың атын атамай осылай еркелете атайтын болсаңыз, онда оның өзін-өзі бағалауы ғана емес, жұрттың күйеуіңізге деген сый-құрметі де жоғарылайды. Әрине сіздің де мәртебеңіз биіктеп қалады. Кейін өзіңіздің де «ханшайым», «отанасы» атанып қалуыңыз ғажап емес.

"Сенің қолыңнан келеді!"

Күйеуіңізге ол жоқ кезде көңілсіз, үйдің іші тартымсыз екенін жиі айтып тұруға тырысыңыз. Ер адам сезімін, көңіл-күйін көбіне ішінде жасырып қалады, жария ете бермейді. Әйел баласы ішіндегісін жылап болса да шығара алады, ал ер-азамат көз жасын көрсеткісі келмейді. Сондықтан күйеуіңізге «сенің қолыңнан келеді», «сен жетістікке жетесің» деп жиі айтып, демеу беріп отырсаңыз, кез келген қиындығы жеңілдей түседі.


"Саған сенемін!"

Кез келген отбасының берік болуы үшін сенімнің алар орны бөлек. Бір-бірлеріңізге сенім артыңыз. Оның істеріне күмән келтіріп, сенімсіздік таныту – ең үлкен қателік. Қандай жағдай болмасын, жолдасыңызға сенетініңізді айтып, арқа сүйеңіз. Бұл ісіңіз еріңізді жігерлендіріп, оның жауапкершілігін де арттырады.


"Сен менің қорғанымсың"

Ер-азамат әйелдің әлсіз екенін, өзінен қолдау күтетінін біледі. Сондықтан барынша, жан-жақты қорған болуға тырысады. Егер жолдасы кез келген жерде әйелін сөзбен де, іспен де қорғай білсе, онда ол нағыз ер-азамат. Еріңіз өз рөлін жақсы атқару үшін қорғаныңыз екенін, жанында өзіңізді жайлы сезінетініңізді үнемі айтып отырыңыз. Ол соған сай болуға тырысатыны анық.


"Дұрыс айтасың"

Егер отбасында кез келген мәселенің нақты нүктесін ер-азамат қоятын болса, онда ол еркектің өзіне деген сенімін ұлғайта түседі. «Сен айтқандай істеп едім, дұрыс болды», «дұрыс айтқан екенсің» деген сөздерді айтып тұрыңыз. Егер жолдасыңыз айтқан кеңес қажетіңізге жараған болса онда оны мақтап тұрып жеткізіңіз.


Рас, кейде келіспейтін, дұрыс емес болып қалатын кездер де болады. Тек ондай кезде сөзіңізді туралап бастаңыз. «Сенің айтып тұрғаның дұрыс қой, бірақ» деп басталған әңгімеден кейін ортақ шешімге ұрыс-керіссіз жылдам келесіз.

Отбасының бақытын сақтау үшін бір-біріңізді еркелете біліңіздер, бар мақтауды аямаған жөн.



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.