"Мамааа!": Шпагатқа отырған 40-50 жас шамасындағы әйел асабалардың өзін таңғалдырды

0
2 852

Әйел жұлқына билеп келіп кәнігі гимнастша шпагатқа отырғанда асабаның өзі сасып қалған секілді...


Тойдағы тағы бір қызықты сәт!

Кейде тек асабалар ғана емес, қонақтар да тойға жиналған көпшілікті таң қалдырып жатады. Сол сияқты тойлардың бірі Астана қаласында өтіпті.

Мұнда Марғұлан және Ержан есімді асабалардың өзі айтуға сөз таппай қалғанға ұқсайды. Себебі, асабаның өзімен би жарысына шыққан 40-50 шамасындағы әйел жұлқына билеп келіп кәнігі гимнастша шпагатқа отырғанда, оған таңданбаған адам қалмаған сыңайлы.

Көпшілік шапалақты аямай ұрса, асабалар разы болғанынан сыйлықтың үстінен сыйлық беріп жатты. Тіпті, алғаш ортаға шыққанда әйелді билемейтін шығар деп те ойлағанын жасыра алмады асбалар.

Продюсердің айтуынша, бұл арнайы қойылған қойылым емес, расында қонақтардың ортасынан шыққан, сол тойға келген көптің бірі көрінеді өнерлі әйел. "Ел іші - өнер кеніші" деп бекер айтпаса керек, орта жастағы қазақ әйелі осылайша көпті таң қалдырды. Оның шпагатқа отырған сәтіндегі қысқаша бейнежазба қазір әлеуметтік желілерді кезіп жүр.