​15- мамыр халықаралық отбасы күні

0
2 612

Жаңа өмірге қадам басқан жұбайларға салауатты өмір салтын ұстау және дені сау ұрпақты дүниеге әкелу сынды пайдалы кеңестерді түсіндіріп берді.


​15- мамыр халықаралық отбасы күні

Шымкенттің дәрігерлері заңды некесін қиған жас жұбайларға салтанатты кеште медициналық кеңес жүргізді. Ақ халаттылар жаңадан отау құрған жастарға жүктілікті жоспарлауды түсіндірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жаңа өмірге қадам басқан жұбайларға салауатты өмір салтын ұстау және дені сау ұрпақты дүниеге әкелу сынды пайдалы кеңестерді түсіндіріп берді. Отбасы күніне орай ұйымдастырылған ерекше шараға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бастамашыл болды.

Дәрігерлердің қатысуымен өткен некелесу рәсімінде 12 жас жұбай заңды некесін қиып, салтанатты түрде куәліктерін қолға алды. Мақсат айқын. Келешегі кемел ұрпақ дүниеге әкеліп, берекелі отбасы болу десті олар.

Айта кетейік, қаладағы әр емханада отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс істейді. Дәрігерлер шаңырақ көтермес бұрын жастар осы кабинеттерге келіп, кеңес алғаны жөн дейді. Қаладағы әр емханадағы мұндай кабинеттің қызметі жас жұбайлар үшін тегін жүргізіледі.