«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Түркістан облысында 10,3 млрд. теңгенің жобалары қаржыландырылды

0
758

Бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінген.


«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Түркістан облысында 10,3 млрд. теңгенің жобалары қаржыландырылды

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы арқылы 75 кооператив құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын жүзеге асыруға 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылды. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінді.


«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ - на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 17,9 млрд теңге құрайтын 3409 жобаға өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 3 018 жоба қаралып, жалпы соммасы 14,2 млрд теңгені құрайтын 2437 жоба мақұлданды. 10,3 млрд теңге құрайтын 1 797 жоба қаржыландырылды.


Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 220 жоба қаржыландырылып, 3400 - ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сонымен бірге АӘК алатындар саны азайып, тұрғындардың күнкөріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарланған.