Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек

0
1 535

Еліміздің әрбір жауапты азаматы осы кезеңде адал қызмет етуі қажет.


Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек

Бұлай дейтін себебіміз – осы сайлаудан бастап президентті тек бір мерзімге сайлаймыз. Яғни елімізде жаңа саяси кезең бастау алмақ. Тиісінше, Президенттікке кандидаттар сайлауалды бағдарламасын жеті жылға жоспарлап, нақты реформалар аясында құрған. Жалпы, бұл сайлау ел тағдыры үшін ерекше маңызға ие болып отыр.


Сондықтан, еліміздің әрбір жауапты азаматы осы кезеңде адал қызмет етуі қажет. Ел болып бірлесіп қана мақсатымызға жетеміз. Бірлесіп еңбек етсек, барлық міндетті жүзеге асырамыз, ортақ жұмыстың нақты нәтижесін көреміз. Сонда ғана азаматтардың әл-ауқаты артып, тұрмысы жақсарады, экономикамыз жаңарып, саяси жүйеміз жаңғырады. Бір сөзбен айтқанда, халқымыздың бірлігі және тұтастығы – реформалардың табысты болуының басты кепілі. Тиісінше, әрбір қазақстандық еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтау жолында отбасымен бірге сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасап, өзгерістерге үлес қосады деп үміттенемін.


Жомарт АБДИБАЕВ,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

Бөлісу