Аталған цех – республика бойынша 13-ші, ал өңірде іске қосылған алғашқы вагон жөндеу орны.
Дархан Сатыбалды Арыс қаласына сапары аясында вагон жөндеу депосы филиалының базасындағы вагон доңғалақтарын күрделі жөндеуден өткізетін шеберханасында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласына сапары аясында вагон жөндеу депосы филиалының базасындағы вагон доңғалақтарын күрделі жөндеуден өткізетін шеберханасында болды. Аталған цех – республика бойынша 13-ші, ал өңірде іске қосылған алғашқы вагон жөндеу орны.
Бүгінде цехта 300-ге жуық адам тұрақты жұмыс істеуде. Сала мамандарының айтуынша, кәсіпорынның Арыс қаласында орналасуы айрықша мәнге ие. Өйткені, қазіргі кезде Алматы мен Қызылорда облысының аралығын қамтитын теміржол шаруашылығында мұндай деңгейде қызмет көрсететін кәсіпорын жоқ.
Мұнда доңғалақ жұптары ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуден өткізіледі. Яғни, вагон паркі иелері жөндеу жұмыстарына уақыт жоғалтпайды. 600 шаршы метр аумақта орналасқан шеберханада 7 станок жұмыс істейді.