Департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы брифинг өткізді

0
1 551

Кәсіпкерлерді қорғау – негізгі міндеттеріміздің бірі.


Департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы брифинг өткізді

Түркістан облысында кәсіпкерлерді қорғау мақсатында брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғанижан Асанұлы брифинг өткізді.

Брифинг барысында Ғанижан Асанұлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен ел экономикасына инвестиция құю процесін оңтайландыру мақсатында, сондай-ақ инвесторларды қағазбастылықтан және сыбайлас жемқорлық фактілерінен сақтау үшін “Protecting Business and Investments” жобасы іске асырылып жатқанын мәлімдеді.

Атап айтсақ, бүгінгі таңда өңірімізде Департамент тарапынан жалпы құны 240 млрд. теңге болатын 5 ірі инвесторлар сүйемелдеуге алынып, жұмыстар атқарылуда. Осы жоба аясында инвесторлар сыбайлас жемқорлық фактілерінің кез келген көріністеріне жол бермеуге, қандай да бір заңсыз факт туындайтын болса, тікелей Агенттікке және оның аумақтық Департаменттеріне баяндау туралы келісімге қол қояды.

Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган келісімге қол қойған инвесторларды заңда белгіленген құзыреттерді және өз ресурстарын пайдалана отырып 100% сыбайлас жемқорлық фактілерінен 24/7 принципі негізінде, яғни кез келген уақытта қолдап, қорғайтын болады.

Сонымен қатар, жиын соңында Департамент басшысының орынбасары отандық және шетелдік кәсіпкерлерге өңірімізде қолайлылық жасау үшін барлық жағдай жасалатынын, әкімшілік кедергілер жойылатынын айтып қорытындылады.