​Ерікті жастар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы үндеу парақшаларын таратты

0
1 456

Кентауда «Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықсыз 16-күн» акциясы өтуде.


​Ерікті жастар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы үндеу парақшаларын таратты

«Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықсыз 16-күн» акциясы аясында Түркістан облысындағы Кентау қаласының ерікті жастары қала тұрғындарына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы үндеу парақшаларын таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шараға әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Н.Таукебаев, психологы Л.Курманбаева, Кентау қалалық ПБ ЖПҚ ӘЗЗҚ тобының аға инспекторы Е.Владимирова және қаланың ерікті жастары қатысты.

Айта кетейік, бүгінде қалада «Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықсыз 16-күн» акциясы өтіп жатыр. Ондағы басты мақсат - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру болып отыр. Сондай-ақ, әйелдердің өздерінің құқықтық білімін арттыру болып табылады.

Қала тұрғындарына арнайы таратылған парақшаларда осы сынды міндеттемелер көрсетілген.

Еріктілер қала көшелерін аралап және халық көп жүретін сауда орталықтарына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, керекті мәліметтер жазылған парақшаларды таратты.