«Jas Turkistan» волонтерлік қауымдастығы тазалық жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр

0
73

Тазалық жұмыстарына 61 089 тұрғын қатысып, 182 тонна қоқыс шығарылды.


«Jas Turkistan» волонтерлік қауымдастығы тазалық жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр

Түркістан облысында «Jas Turkistan» волонтерлік қауымдастығы тазалық жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрақты бақылауында. Өткен аптаның өзінде елді мекендерде 176 тазалық шарасы өтті. Тазалық жұмыстарына 61 089 тұрғын қатысып, 182 тонна қоқыс шығарылды.


Жастар арасында экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Jas Turkistan» волонтерлік қауымдастығы құрылып, оған өңірдегі ерікті ұйымдар мен бастамашыл топтар біріктірілді. Қазіргі таңда волонтерлік қауымдастық аясында еріктілер 6 негізгі бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін облыс көлемінде 253 сенбілік, 17 семинар-тренинг, 29 эко плогинг өтіп, 1 мыңнан астам экологиялық үнпарақ (брошюра) таратылды. Сондай-ақ, 23 спорттық жарыс, 9 экологиялық челлендж және 7 эко марафон ұйымдастырылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде 158 400-ден астам жас экологиялық акцияларға қатысып, белсенділік танытуда.


Өңірде «TazaQazBot» ақпараттық жүйесі арқылы тұрғындар мен тазалыққа жауапты мекемелер арасында белсенді байланыс орнатылған. Бүгінгі таңда «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 2 946 өтінім түсті. Оның ішінде, 2 938-і орындалса, 8 өтінім орындалу барысында.


Сонымен қатар биыл тәртіпті сақтау мақсатында қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтамаған тұлғаларға 20 169 хаттама толтырылған. Жалпы 455 млн. теңге айыппұл салынып, 247 млн. теңге өндірілді.

Бөлісу