«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі матчын Түркістанда өткізеді

0
283

«Қайрат» келесі кезеңде Болгарияның «Левски» клубымен кездеседі.


«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі матчын Түркістанда өткізеді

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі матчын Түркістанда өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан чемпионы «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Шешуші кездесуде алматылық клубтың басты қаһарманы қақпашы Темірлан Анарбеков болды. Ол пенальти сериясында қарсыластың екі соққысын қайтарып, командасына маңызды жеңіс сыйлады.

Енді «Қайрат» келесі кезеңде Болгарияның «Левски» клубымен кездеседі. Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі бұл тартысты матч 11 тамыз күні Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді.

Бөлісу