Хантағы жотасында қай ханды қарақұрт шағып өлтіргені белгілі болды

0
5 828

Біреулер Әбілмәнбет десе, біреулер Әбілхайыр дейді. Ал, енді біреулер Абылай хан деп көрсетеді. Бірақ нақты дерек жоқ. Белгілісі, көрген түсінен қарақұрт шағып өлтіретінін жорамалдаған хан өте сақ жүргенімен, ажалы қарақұрттан келеді. Желмен келген қарақұрт жүзім ішінен шығыпты дейді. Бұл аңыз ғана. "Ауыл атауының шығуы да осы оқиғамен тікелей байланысты" - дейді білетіндер. Хантағының тарихы терең. Үлкен зерттеуді қажет етіп жүрген жер болатын. Көпшілік бұған дейін тек ел ішіндегі аңыз әңгімелерге негізделген хикаяттардан құралған тарихқа сүйеніп сөйлейтін. Бұдан кейін....


Хантағы жотасында қай ханды қарақұрт шағып өлтіргені белгілі болды

Қаратау ауылының жайы туризмді дамытуға сұранып тұрған жер. Қаратау баурайында орналасқан өңірдің табиғаты тамаша. 800 метр биіктікте орналасқан Ханның тағы бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қаратау қорығындағы Жасар бұлақ және эндемді өсімдіктертер мен соқпақты жолдар көпшіліктің қызығушылығын тудырады.

Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында бүгінде өткен тарих қайта жанданып, түгенделіп жатыр. Аталған мақала аясында "Хантағы мұрасы - ұрпаққа аманат" атты конференция өтті. Онда ғалымдар ауыл тарихына арналған үлкен негіздемелер жасады. Тарихи деректемелер бойынша жасалған баяндамалар жинақталып, арнайы кітап болып басылып шықты.

Ендігі жерде, яғни бұдан кейін Хантағы жайында тек аңыз әңгімелермен ғана емес, нақты тарихи деректерге сүйене сөйлеуге болады.