Мақтааралдың зардап шеккен тұрғындарына өтемақы төлене бастады

0
982

Бүгінгі күні 19 отбасы 8,5 млн теңге көлемінде бірінші транш алды (жалпы соманың 50%).


Мақтааралдың зардап шеккен тұрғындарына өтемақы төлене бастады

«Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қоры Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы зақымдалған тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін өтемақы төлеу бағдарламасын іске асыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бағдарлама әр отбасы үшін үш ірі траншпен 17 млн.теңге көлемінде өтемақы төлеуді көздейді.
Бүгінгі күні 19 отбасы 8,5 млн. теңге көлемінде бірінші транш алды (жалпы соманың 50%). Қалған 25% - дан 2 транш тұрғын үй құрылысының барысында төленеді.
Сонымен қатар, аудан әкімдігі зақымдалған тұрғын үйлерді есептеу және тұрғындарға өтемақы алу үшін керек құжаттарды жинау бойынша көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінгі таңдағы ақпаратқа сәйкес, зақымдалған тұрғын үйлердің саны 200-ден асады.