МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР: Келесте 12 ауыз су нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр

0
90

Бұл жобалар арқылы 13 елді мекен ауыз сумен қамтылмақ.


МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР: Келесте 12 ауыз су нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Келесте 12 ауыз су нысанының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданында мемлекет бюджетіне қайтарылған активтер есебінен елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту бағытында 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл жобалар арқылы 13 елді мекен ауыз сумен қамтылмақ. Атап айтқанда, Жүзімдік ауылдық округінде – Ақсу, Оңтүстік, Ақтөбе ауылдық округінде – Қаратөбе, Жаңадәуір, Жуантөбе, Көгерту, Ақжар, Ғ.Мұратбаев, Есікқорған, Құйған, Қияжол, Кеңдала елді мекендері, сондай-ақ Бірлік ауылдық округіне қарасты Қосөткел ауылы бар.


Қазіргі таңда 2 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға орындалып, тексеру кезеңінде тұр. Қалған 10 нысанда жұмыстар 70-80 пайызға аяқталған.


Әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы қатаң бақылауға алынған. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев құрылыс алаңдарын аралап, мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар анықталған кемшіліктерді дер кезінде ретке келтіріп, тұрғын үйлерге ауыз су тарту мәселесін назарда ұстауды ескертті.


Бұл – мемлекетке қайтарылған қаражаттың ел игілігіне тиімді жұмсалып жатқанының нақты дәлелі.

Бөлісу