Мұғалімдер әлемдегі ең атақты оқу орындарында білім жетілдіреді

0
2 233

Мұғалімдер үшін 15 жеке үй құрылысын салу үшін құжаттар дайындалып жатыр


Мұғалімдер әлемдегі ең атақты оқу орындарында білім жетілдіреді

иллюстрациялық фото: rc-savetime.ru

ERNUR.KZ. Түркістан облысының мұғалімдері үшін тағы бір жағымды жаңалық бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл бірінші Түркістан облысының ұстаздарына М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасына20 грант бөлінді. Олар үш мамандық бойынша әлемдегі ең атақты оқу орындарының бірінде білімін жетілдіріп қайтады. Игі іске облыс бюджетінен қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар, Қазығұрт ауданында орналасқан Ж.Қаппаров атындағы физика-математика бағытында оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатына шеттен келген мұғалімдер үшін 15 жеке үй құрылысын салу үшін құжаттар дайындалып жатыр. Аталған бастамалар Түркістан облысында білім саласына серпіліс әкеледі деген сенім бар.