​«Не шықса да Шымкенттен шығады»: Шымкентте егіз бұзау туылды (видео)

0
8 611

Шымкент қаласындағы Алтынтөбе елді мекенінің тұрғыны өзінің сиырының егіз бұзаулағанын айтып, оны видеоға түсіріп редакциямызға жолдады. Егіз төл иесінің айтуынша, мұнан екі апта бұрын сиыры бұзаулаған. Ата-баба салтымен бұзаудың бірін бірден өзінің кіші ұлына атап беріп, жақсылыққа балаған.


​«Не шықса да Шымкенттен шығады»: Шымкентте егіз бұзау туылды (видео)

Шымкенттік тұрғынның сиыры егіз бұзаулады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы Алтынтөбе елді мекенінің тұрғыны өзінің сиырының егіз бұзаулағанын айтып, оны видеоға түсіріп редакциямызға жолдады. Егіз төл иесінің айтуынша, сиыры мұнан екі апта бұрын бұзаулаған. Сирек кездесетін бұл құбылысты жаөсылыққа балаған азамат ата-баба салтымен егіз бұзаудың бірін өзінің кіші ұлына бәсіре атаған.

«Сиырымыз егіз төлдеді. Мұны біз жақсылыққа жорыдық. Шымкент қаламыз бөлініп, миллионды қала болғалы отыр. Облыс орталығы бөлінгелі жатқанын естіп жатырмыз. Осындай жаңалық қарсаңында егіз туған төлімізді біз жақсы ырымға баладық. Рас, ата-бабамыз қара малдың егіз төлін ешқашан малданбаған. Оны сол күні үйге келген қонақ балаға немесе қандайда бір отбасыға бәсірелеп берген. Біз де бұзаудің бірін сол күні кіші ұлымның қорасына байлап бердік», - дейді ол.

Айта кетейік, қара малдың егіз төлдеуі өте сирек болатын құбылыс. Сиырдың 2%-ы ғана егіз бұзаулайды. Белгілі Ғалым Қыдырбай Аманжолов аша тұяқтылардың, оның iшiнде iрi қараның егіз төлдеуі ғылымда бар екенін және бұзаулардың мүшелерi сау болса, қорқатын ештеңе жоқтығын айтқан.

Видео ERNUR.KZ редакциясына арнайы жіберілді.