ОҚО да биыл 67 медициналық тірек сатып алу жоспарланған

0
1 240

ERNUR.KZ. Оған қоса қазір Сайрам ауданында ауысымына 500 келушіге арналған «Ақсукент» емханасының, Мақтааралда да тура осындай сыйымдылықтағы «Жетісай» қалалық емханасының, Мырзакентте 250 келушіге арналған емхана, Кентау қаласында ауысымына 500 келушіге арналған «Кентау» қалалық емханасының құрылысы жүріп жатыр.


ОҚО да биыл 67 медициналық тірек сатып алу жоспарланған

ERNUR.KZ. 2017 жылы облыстық бюджет есебінен 600 млн.теңге қаржыға 20 дана құрастырмалы – қаңқалы модулдік конструкция әдісімен салынған медициналық тіректер сатып алынды.

«Бұл бекеттер негізінен шалғай ауылдарға орнатылып, соның арқасында ондағы медициналық қызмет сапасы жолға қойыла бастады. Бұл тәжірибе нәтижесін бере бастағадықтан 2018 жылы тағы осындай 67 медициналық тірек сатып алу жоспарлануда»-деп хабарлайды ОҚО Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі. Оған қоса қазір Сайрам ауданында ауысымына 500 келушіге арналған «Ақсукент» емханасының, Мақтааралда да тура осындай сыйымдылықтағы «Жетісай» қалалық емханасының, Мырзакентте 250 келушіге арналған емхана, Кентау қаласында ауысымына 500 келушіге арналған «Кентау» қалалық емханасының құрылысы жүріп жатыр.

Мемлекеттік - жекеменшік әріптестігі аясында Шымкент қаласында №10 «Қайтпас» емханасының құрылысы басталды. Сонымен қатар, Біркөлік, Ақсу-Жабағлы санаторийлері сенімгерлік басқаруға берілді. Одан бөлек, 3 емхананың концепциясы әзірленіп, конкурс жарияланды. Шымкент қаласында облыстық онкологиялық орталығы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің және Сарыағаш қаласында облыстық перинаталдық орталығының құрылысы жоспарлы түрде кезең-кезеңімен салынатын болады.