Өнеркәсіп пен инвестиция – Түркістан экономикасының негізгі драйвері

0
86

Өңдеу өнеркәсібінде 423,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 150,8 пайызға жетті.


Өнеркәсіп пен инвестиция – Түркістан экономикасының негізгі драйвері

Түркістан облысында өндіріс көлемі мен инвестициялық белсенділік жоғары қарқынмен өсіп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында өндіріс көлемі мен инвестициялық белсенділік жоғары қарқынмен өсіп келеді. 2026 жылдың алғашқы алты айында өңірде 873,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өсім 132,4 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 423,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 150,8 пайызға жетті. Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 378,9 млрд теңгені құрап, өсім 119 пайызды көрсетті.

Өңдеу секторында металлургия, тамақ өндірісі, машина жасау және тоқыма өнеркәсібі жоғары нәтижеге қол жеткізді. Әсіресе тоқыма өндірісінің өсімі 468,6 пайызды құрады. Жыл басынан бері негізгі капиталға 894,6 млрд теңге инвестиция тартылды.

Оның 834,1 млрд теңгесі немесе 92,6 пайызы жеке инвестициялар есебінен қалыптасты. Биыл өңірде жалпы құны 369,4 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жоба іске асырылуда. Қазірдің өзінде 17 жоба пайдалануға беріліп, 456 жаңа жұмыс орны ашылды.

Инвестициялық белсенділіктің артуы Түркістан облысының еліміздегі ең тартымды өндірістік алаңдардың біріне айналып келе жатқанын көрсетеді.

Бөлісу