​Ордабасы ауданында пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі іске қосылды

0
2 722

Полиэтилентерефталаттық қалдықтарды (ПЭТ) қайта өңдеу және штапельді талшықтарды өндіру бойынша жобаның қуаттылығы жылына 100 тоннаны құрайды. Өндірілетін өнім ТМД елдеріне экспортталады.


​Ордабасы ауданында пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі іске қосылды

«TURKISTAN INVEST» компаниясының қолдауымен «Green technology industries» ЖШС жүзеге асырған инвестициялық жоба Түркістан облысының Ордабасы ауданы «Бадам» индустриялдық аймағындағы 4 гектар жерде орналасқан. Жобаның құны 5 млрд. 985 млн. теңгені құрайды, 250 тұрақты жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы TURKISTAN INVEST «Шымкент» ƏКК» АҚ филиалына сілтеме жасап.

Полиэтилентерефталаттық қалдықтарды (ПЭТ) қайта өңдеу және штапельді талшықтарды өндіру бойынша жобаның қуаттылығы жылына 100 тоннаны құрайды. Өндірілетін өнім ТМД елдеріне экспортталады.

Қазіргі таңда өндіріс ошағында ПЭТ түйіршіктерін өндіру басталды. Ал талшық өндіру 2019 жылдың наурызында басталады деп жоспарланған. Қалдықтарды қайта өңдеу кезінде шикізат ретінде пластикалық қалдықтар пайдаланылады.
Қалдықтарды қайта өңдеу инвестициялаудың перспективалы бағыты болып табылады. Егер біраз уақыт бұрын бұл болашақтың «бизнесі» деп саналған болса, бүгінгі күні тек Қазақстанда немесе Орталық Азияда ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша маңызды өндіріс болып есептеледі.