Ө.Шөкеев жаңа театрдың шығармашылық құрамымен кездесті

0
2 319

1 ақпаннан бастап кастинг жарияланып, жаңа театрдың әртістік құрамы жасақталмақ.


Ө.Шөкеев жаңа театрдың шығармашылық құрамымен кездесті

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан салынған Түркістан қалалық сазды-драма театрының шығармашылық құрамымен кездесті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында бой көтерген жаңа театрда Азамат Сатыбалды, Хамит Шаңғалиев, Данияр Базарқұлов, Әсем Шарифуллина, Әйгерім Бозщина сынды елімізге белгілі өнер жұлдыздары еңбек етеді.

Театрдың актерлік құрамы әлі толығады. 1 ақпаннан бастап кастинг жарияланып, жаңа театрдың әртістік құрамы жасақталмақ. Түркістан қалалық сазды-драма театры сахна саңлақтарының басын қосқан қара шаңыраққа айналмақ. Театрдың шығармашылық ұжымы жаңа өнер ордасының техникалық мүмкіндігін пайдаланып, көрерменге теңдесі жоқ дүниелерді ұсынуға мүмкіндіктің мол екенін атап өтті.

Театрдың тұңғыш тұсаукесер қойылымы биыл көктемде Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитінде өтеді. Өмірзақ Естайұлы киелі Түркістан шаһарына келіп, қазақ театры өнерінің дамуына үлесін қосқан өнер иелеріне сәттілік тіледі.

Белгілі болғандай, Райымбек Сейтметов атындағы облыстық сазды-драма театрының ғимараты биыл күрделі жөндеуден өтетін болады. Театр жанындағы жатақхана да қалалық әкімдік есебінен толық жөндеуден өтпек. 20 жылдық тарихы бар қара шаңырақта 132 өнер иелері еңбек етіп келеді. 1938-жылы салынған мекеме ғимаратыкезінде теміржол мекемесінің киноклубы болғаны белгілі. Қайта күрделі жөндеуден өтіп, 2000 жылы театрға берілген.