Педагог құзіреттілігін арттыру - заман талабы

0
1 431

Тренингте қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттарды қолдау, жаңартылған білім беру жүйесінде жаңа идеялармен жұмыс жасаудың маңыздылығы айтылды.


Педагог құзіреттілігін арттыру - заман талабы

фото: yt3.ggpht.com

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының 2018 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес «Қазіргі білім беруде қысқа мерзімді сабақ мазмұнын жетілдірудегі педагог құзыреттілігін арттыру» тақырыбында қалалық тренинг №89 мектеп-лицейінің базасында өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тренинг барысында «Педагог құзіреттілігін арттыру – заман талабы» тақырыбында аға оқытушы А.Мыңбаева баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттарды қолдау, жаңартылған білім беру жүйесінде жаңа идеялармен жұмыс жасаудың маңыздылығы айтылды.
«Қысқа мерзімді сабақ мазмұнын жетілдірудегі белсенді оқу мен оқыту» тақырыбында У.Шораева тренинг жүргізіп, бастауыш сынып мұғалімдерімен белсенді әдіс-тәсілдерді сабақ жоспарына тиімді қолданудың жолдарын ұсынды.
Тренинг бастауыш сынып мұғалімдері үшін мазмұнды болды, себебі педагогтерге өз тәжірибесімен бөлісулеріне, сонымен қатар қысқа мерзімді сабақ жоспарлау барысында әр түрлі белсенді әдіс-тәсілдермен танысуларына мүмкіндік берілді.