Премьер-Министр Түркістан облысын дамыту перспективалары жөнінде мәжіліс өткізді

0
1 047

Асқар Мамин Түркістан қаласына арнай іссапармен келіп, облыс орталығында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, Селекторлық мәжіліс өткізді.


Премьер-Министр Түркістан облысын дамыту перспективалары жөнінде мәжіліс өткізді

Түркістандағы Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасатын 17 нысанның жерге орналастыру сызбасы бекітілсе, 7 нысанның құрылыс жұмыстары басталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан қаласында ҚР Премьер -минстрі Асқар Маминнің қатысуымен өткен мәжілісте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті. Олардың ішінде облыс әкімдігінің, басқармалар мен департаменттердің, конгресс орталығы мен медиа орталықтың және оқушылар сарайы мен стадион ғимараттары бар.
Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер -минстрі Асқар Мамин Түркістан қаласына арнай іссапармен келіп, облыс орталығында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, Селекторлық мәжіліс өткізді.