Президент сайлауы тұтас елдің саяси жүйесін өзгертеді

0
540

Бұл – мемлекет тарихындағы маңызды оқиға.


Президент сайлауы тұтас елдің саяси жүйесін өзгертеді

Қараша айында ел тұрғындарынжауапкершілігі мол саяси науқан күтіп тұр. Себебі бұл науқан елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертуге жол ашпақ.


Бұл – мемлекет тарихындағы маңызды оқиға. Ұлт мүддесі, ел бірлігі бәрінен жоғары. Сондықтан, еліміз үшін, халқымыздың болашағы үшін маңызды сәтте Қазақстан халқы сайлауға белсене қатысып, таңдауын бірге жасауы қажет.


Президентіміз Үндеуінде: «Мен Мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз. Барша азаматтарымызды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын. Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсете білейік. Халқымыздың тағдыры, Қазақстанның болашағы әрқайсымыздың қолымызда», – деп ашып айтты.


Мемлекет басшысы айтқандай, сайлаудан кейін экономикамыз тұрақты дамып, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік туады.


Маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға барша жұртшылықты белсене қатысуға шақырамын.


Ендеше, жаңа, әділетті Қазақстанды бірге құрайық, Отандастар!


Бекжан АЙТҚҰЛОВ,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

Бөлісу