​Президент Түркістанның үш педагогіне жоғары награда табыстады

0
195

Ғылым мен білімді ұштастыра отырып, техникалық және кәсіптік білім беру саласына үлес қосып жүрген маманның еңбегі осылайша ел деңгейінде еленді.


​Президент Түркістанның үш педагогіне жоғары награда табыстады

Мемлекет басшысы Түркістанның үш педагогіне жоғары награда табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып, ел игілігі жолында табанды еңбек етіп жүрген бір топ педагогке жоғары мемлекеттік наградалар табыстады. Мәртебелі марапатқа Түркістан облысының үш білім саласының өкілі де ие болды.

Төлеби ауданындағы Бірінші мамыр жалпы білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Тагаева Гүлмира Тұрдыбекқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріліп, арнайы төсбелгі табысталды. Бұл – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шәкірт тәрбиесіне сіңірген еселі еңбегінің жоғары бағасы.

«Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің» оқытушысы, «Агроэкология» бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Аханов Дәулетназар Дәулетбаевич «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ғылым мен білімді ұштастыра отырып, техникалық және кәсіптік білім беру саласына үлес қосып жүрген маманның еңбегі осылайша ел деңгейінде еленді.

Сондай-ақ, Алма Қожахметова – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты. Ол да «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, білім мен ғылым, өнер саласындағы кәсіби қызметі жоғары бағаланды.

Бөлісу