​Сайрам ауданының шаруалары мал бордақылауда көш бастап тұр

0
2 885

Қазіргі таңда аудан бойынша 205 мың бас ірі қара есепте тұр. Оның ішінде 33 мың бас мал бордақылау аймақтарында ұсталады.


​Сайрам ауданының шаруалары мал бордақылауда көш бастап тұр

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы шаруалары ағымдағы жылдың 10 айында Өзбекстанға 400 тонна ірі қара еті, ал, Иран елдеріне 330 тоннадан астам қой өнімдері экспортталған деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы ет, сүт, көкөніс саласы бойынша ел қазынасына айтарлықтай үлес қосып жатыр. Соның ішінде Сайрам ауданында мал, егін шаруашылығы қарқынды дамып отыр. Қазіргі таңда аудан бойынша 205 мың бас ірі қара есепте тұр. Оның ішінде 33 мың бас мал бордақылау аймақтарында ұсталады. Бүгінде аудан бойынша ірілі-ұсақты 1000-ға жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда. Ағымдағы жылдың 9 айында аудан бойынша 21 000 тонна ет өндірілген.

Желтоқсан айында қолданысқа берілетін «Нұрым Групп» ЖШС бастамасымен салынып жатқан 10 000 басқа аранлаған мал бордақылау алаңының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл алаң Сайрам ауданы бойынша ең ірі мал бордақылау орны болмақ. 80-100 адамды жұмыспен қамтитын шаруашылық жылына 5000 тонна ет өндіруді қолға алмақ.
Сонымен қатар келесі жылы мал бордақылау алңынан бөлек, құрама жем өндіру цехы, мал сою алаңы және ірі тоңазытқыш іске қосылмақ.
Айта кетейік, ауданда мемлекеттің көмегі арқасында мал өсірумен айналысып, өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер жетерлік. Солардың бірі Алимжан Ирисметов. Өз үйінің іргесінен мал өсіру алаңын ашқан. «Өрлеу» жобасы бойынша 4 000 000 теңге несие алып, 16 бас мал алған кәсіпкер қазіргі кезде сүт, құрт, айран, ірімшік өнімдерін өндіріп, арнайы орындарға өткізіп отыр. Күніне бір сиырдан орташа есеппен 10 литрге жуық сүт алады екен.
«Алдағы уақытта кәсібімді кеңейтіп, қосымша қызметкерлер аламын. Осылайша жұмысыздар санын азайтуға өз үлесімді қосқым келеді», дейді Алимжан Ирисметов.