Шардаралық имам: "Жастардың дінге көптеп келуі көңілді қуанта бермейді"

0
2 187

Шардара ауданында ішкі саясат бөлімінің мұрындық болуымен аудан имамы Асылхан Данияров, ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Дастан Байбеков жастармен кездесті. Жиын барысында кездесуге келген жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.


Шардаралық имам:

Аудандағы діні тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында құрылған ақпараттық түсндірме топ мүшелері Шардара қаласындағы Шардара аудандық орталық мешітінде «Дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу және жастар жадына ғаламтор жау» тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Діни сауатсыздық пен дінсіздік – адамзатты құрдымға алып баратын бірден-бір жол. Кез- келген қоғамда дін арқылы елді біріктіруге де, бұзуға да болады. Бүгінде әлемде дін арқылы елді біріктіруден гөрі бұзу жағы көбірек көрініс тауып жатқандығы ащы да болса шындық. Онымен қоса ислам дінін атағанда жағаларын ұстататын экстремизм, терроризм сөздері исламға күйе жаққалы қашан. Бұл кездесу осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында өтіп отыр.

«Бүгінде күн санап дінге бет бұрушы жастардың саны артып, қарасы қалыңдап келеді. Бұл бір жағынан қуантса, екінші жағынан көңілді қынжылтады. Өйткені – тура жолда жүрміз деп жабайы діннің жетегінде кетіп жатқандары қаншама. Сондықтан тайраңдаған секталармен қоғам болып бірігіп күреспесек «Әттеген-айлап» бармақ шайнап қалуымыз мүмкін. Діни секталар мен діни экстремизмге қарсы күрес баршаның ортақ міндеті болуы шарт»,- дейді Шардара аудандық орталық мешітінің бас имамы Асылхан Данияров.

Жас ұрпақ тәрбиесінде діни тәрбиенің аса қажет екені айдан анық. Өйткені – дін бірлік пен тұтастықта өмір сүруді үйретеді, жауапкершілік сезімі мен мінез-құлықты қалыптастырады. Бұл тұрғыда жастарға мектеп қабырғаларында, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында берілер тәрбиенің маңызы өте үлкен. Осы және өзге де өзекті мәселелерді сөз еткен аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Дастан Байбеков керағар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің астарға тигізіп отырған зиянын түсіндіріп, қызықтырған кез-келген сұрақтар бойынша ҚМДБ-ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті.