​Шымкентте ер адам менингит жұқтырды деген күдікпен қайтыс болды

0
1 339

Шымкентте ер адам менингит жұқтырды деген күдікпен қайтыс болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Шымкентте ер адам менингит жұқтырды деген күдікпен қайтыс болды

фото garant.ada-lab.ru

Шымкентте ер адам менингит жұқтырды деген күдікпен қайтыс болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл мәліметті Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин растады. Айтуынша, қазіргі уақытта зертханалық тексеру жүріп жатыр. "Зертханалық тұрғыда әлі расталған жоқ", - деп хабарлады Жандарбек Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда менингококк инфекциясынан 2018 жылдың басынан бері 12 адам көз жұмған. Олардың алтауы Алматыда, үшеуі Алматы облысында, екеуі Оңтүстік Қазақстан облысында, тағы біреуі Қызылордада тіркелген.