Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер бес жылдан бері диагноз қоя алмаған он жасар Лаура Сағатова жан сақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер бес жылдан бері диагноз қоя алмаған он жасар Лаура Сағатова жан сақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қыз жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, тамақ түтікше арқылы беріліп жатыр.
Ауыр дертке шалдыққан Лаура Сағатоваға дәрігерлер бес жылдан бері нақты диагноз қоя алмай отыр. Анасының айтуынша, қыз жылдан-жылға әлсіреп бара жатыр, салмағы 11 килограмм тартады екен.
Ерікті Анаргүл Әмірованың айтуынша, баланың туыстарына мәжіліс депутаты Зағипа Балиева көмектесуде. Қыздың анасы баласын Оңтүстік Кореяда емдеткісі келетінін айтады.
"Алматыдан Шымкентке екі маман ұшып келді. Аталған мәселе бойынша кеңес өтіп жатыр. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақталды", — деп толықтырды ерікті.