Шымкенттік шенеуніктер ХҚКО-тарына баруды қойған

0
1 831

Егер азаматтардың барлығы мемлекеттік қызметті электронды түрде алу мүмкіндігі бар қызмет түрлерін толық электронды портал арқылы алса, бұл көрсеткішті 89%-ға жеткізуге болар еді.


Шымкенттік шенеуніктер ХҚКО-тарына баруды қойған

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысы Әли Көмекбаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған мекеменің биылғы жылдың алғашқы тоқсанындағы атқарған жұмыстарына тоқталған департамент басшысы келтірген дерек бойынша жергілікті органдармен электронды түрде көрсетілген қызмет 53%-ды құрапты. Егер азаматтардың барлығы мемлекеттік қызметті электронды түрде алу мүмкіндігі бар қызмет түрлерін толық электронды портал арқылы алса, бұл көрсеткішті 89%-ға жеткізуге болар еді деген Әли Көмекбаев ХҚКО-ына баратындардың негізі тұрғылықты мекенжай анықтамасын алу үшін біраз уақытын сарып ететінін айтты.

«Өзіңнен баста» дегендей, электронды қызмет түрлерін мемлекеттік қызметшілердің өздері жұмысында компьютері бар, сол компьютерден ала бастады. Біз де қосылдық та, бәрінің ЖСН алып ХҚКО-тарына жібердік «қай қызметші келеді айтыңыздаршы, біз соларға үйретейік» деп. Сөйтіп бірте-бірте қызметшілер сол бойынша баруды қойды.Бұл 8,5 мың адам» ,- деді департамент басшысы.

Одан бөлек мемлекеттік қызмет түрлерін электронды портал арқылы алу жөнінде облыс аумағындағы мектеп мұғалімдері мен әкімшілік қызметкерлеріне мастер-класс өткізілген.

Жемқорлық қатерін барынша азайту үшін «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленген. Жоба аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті тұрғындардан арыздар мен ұсыныстарын қабылдау үшін әлеуметтік желілерде ашылған арнайы парақшалар мен колл-центрге хаттар келіп түсе бастаған. Соның ішінде, Мақтарал ауданының бір мұғалімі білім беру мекемесі жалақы есептеу кезінде жіберген қателігі туралы шағымданыпты. Осы арыз бойынша тексеру жүргізіліп, кінәлі мамандар мен мектеп басшысына тәртіптік жаза қолданылған.