«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «Шардара» су қоймасының жағалауына бақылау жүргізілді

0
114

Іс-шараның негізгі мақсаты – сенбі және жексенбі күндері су қойма жағалауында демалушылар санының артуына байланысты қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «Шардара» су қоймасының жағалауына бақылау жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Шардара» су қоймасының жағалауында орналасқан демалыс орындарында кезекті рейдтік іс-шара жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, қала әкімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығы, «ҚазСуШар» РМК ТОФ Шардара бөлімшесінің басшысы және аудандық полиция, кірістер басқармаларының қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сенбі және жексенбі күндері су қойма жағалауында демалушылар санының артуына байланысты қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету. Рейд барысында су көліктерін басқарушы азаматтардың жүргізуші куәліктерінің жарамдылығы тексеріліп, судағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жүргізілді. Сонымен қатар демалыс орындарының санитарлық тазалығына қаралып, кәсіпкерлерге тазалықты тұрақты сақтау және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде түсіндіру жұмыстары атқарылды.

Мұндай рейдтік шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, тұрғындар мен аудан қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы демалуына жағдай жасауға бағытталады.

Бөлісу