«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістан облысында тазалық сақтамаған тұлғаларға 20 мыңнан аса хаттама толтырылды

0
78

Өткен аптаның өзінде елді мекендерде 173 тазалық іс-шарасы өтті.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістан облысында тазалық сақтамаған тұлғаларға 20 мыңнан аса хаттама толтырылды

Түркістан облысында тазалық талаптарын сақтамаған тұлғаларға 20 мыңнан аса хаттама толтырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы тұрақты бақылауда. Аталған бағдарлама аясындағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.


Өткен аптаның өзінде елді мекендерде 173 тазалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде, 58 028 тұрғын қатысып, 173 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы бағдарлама аясында бекітілген жоспарлардың орындалуы тұрақты қадағалануда. «Таза Қазақстан» ұлттық жобасын қолдау мақсатында Түркістан облысының танымал спортшылары мен спорт саласының өкілдері белсенділік танытып, өз үлестерін қосуда. Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов, Шардара қаласының армрестлинг шеберлері, сондай-ақ Сағындық Тоғамбай, Ұлжан Сәрсенбек, Дидар Хамза сынды танымал спортшылар аталған бастаманы қолдауда.


Жастар арасында экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Jas Turkistan» волонтерлік ассоциациясы құрылып, оған өңірдегі ерікті ұйымдар мен бастамашыл топтар біріктірілді. Қазіргі таңда бұл құрылым аясында еріктілер 6 негізгі бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін облыс көлемінде 253 сенбілік, 17 семинар-тренинг, 29 экоплогинг, 1000-нан астам экологиялық үнпарақ таратылып (брошюра), 23 спорттық жарыс, 9 экологиялық челлендж және 7 эко-марафон ұйымдастырылды.


Бүгінгі күнге, «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 2928 өтінім түскен, оның ішінде, 2920-ы орындалған, 8 өтінім орындалу барысында. Тәртіпті сақтау мақсатында биыл қоғамдық орындарда санитарлық талаптарын сақтамаған тұлғаларға 20 169 хаттама толтырылған. Жалпы 455 млн. теңге айыппұл салынды.

Бөлісу