Теріскейде бір көшеге «Мәңгілік Ел» атауы берілді

0
1 286

Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе жергілікті қоғамдастық Созақ ауданының Таукент кентінің атауы жоқ №5 көшеге «Мәңгілік ел» атауын беру ұсынысын бір ауыздан қолдады.


Теріскейде бір көшеге «Мәңгілік Ел» атауы берілді

Түркістан облысы, Созақ ауданы Таукент кентінде енді бір көше «Мәңгілік Ел» деп аталатын болды. Бұл ұсынысты жиынға қатысқан жергілікті коғамдастық кеңес өкілдері, кент тұрғындардың барлығы бір ауыздан қолдайтының айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі ауданның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 желтоқсан күні Созақ ауданына қарасты Таукент кентінде қоғамдық кеңес болып өтті. Жергілікті коғамдастық өкілдерінен барлығы 63 адам қатысқан мәжіліске қоғамдық кеңестің мүшесі Д.Жуматаев төрағалық етті. Р.Тайырұлы хаттама толтырды.

Д.Жуматаев жиналыстың ҚР Үкіметінің «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру туралы қағидалары» қаулысына сәйкес өткізіліп отырғандығын айтып өтті.

Мәжіліс төрағасы Д.Жуматаев күн тәртібінде Таукент кентінің атауы жоқ №5 көшесіне «Мәңгілік ел» атауын беру ұсынылып отырғандығын айта отырып, жиналысқа қатысушыларға «Мәңгілік ел» атауының шығу тарихына тоқталды.

«Мәңгілік ел» Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Қазақстан» жобасына сәйкес ұсынылған атау деген мағынаны білдіретінің айтып, тұрғындарға жаңа Заңға сәйкес көшеге ат беру тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар жаңадан түскен №5 көшеге атау беру жиын өкілдеріне дауыс беру арқылы өтетінін ескере отырып, дұрыс шешім қабылдауларын сұранды.

Таукент кентінің атауы жоқ №5 көшенің тұрғыны Әшірбеков Серік осы уақытқа дейін атауының болмауы көше тұрғындарына қолайсыздық туғызып отырғандығын айтып, «Мәңгілік ел» атауын жиынға қатысқан тұрғындардың барлығы бір ауыздан қолдайтынын айтты.

Күнтәртібіндегі мәселені талқылай келе жергілікті қоғамдастық Созақ ауданының Таукент кентінің атауы жоқ №5 көшеге «Мәңгілік ел» атауын беру ұсынысын бір ауыздан қолдады.