Олар Түркістан медицина колледжі мен Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледждерінің кітапханаларындағы діни әдебиеттермен танысу үшін аталған оқу орындарына арнайы ат басын тіреді.
ERNUR.KZ. ОҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» Түркістан қаласындағы мамандары Б.Нуриддинов пен Б.Өтеген және Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» теолог-маманы І.Нағызхан оқу орындарына барды.
Олар қала әкімі орынбасарының бұйрығымен бекітілген іс-жоспарына сәйкес Түркістан медицина колледжі мен Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледждерінің кітапханаларындағы діни әдебиеттермен танысу үшін аталған оқу орындарына арнайы ат басын тіреді. Кітапхана қызметкерлерінің жұмысымен танысып, студенттердің дін тақырыбындағы материалдарға қызығушылығы қаншалықты екендігін білді. Сонымен қатар кітапханадағы діни әдебиеттерге баса назар аударып, саралау жүргізді.