25 нысан 2025 жылға өтпелі.
Түркістан облысында 11 айда 27 ауыз су нысаны пайдалануға тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысындағы 807 елді мекеннің 737 елді мекені немесе 91,3 %-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, қалаларда – 99,8 % (7 қала, 527,3 мың адам), ауылдық елді мекендер – 97,3 % (730 елді мекен, 1 569,5 мың адам).
Биыл 63 нысанның құрылысына бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Жыл қорытындысымен 38 нысанды аяқтау жоспарланып отыр. Ал, қалған 25 нысан 2025 жылға өтпелі.
2024 жылдың 11 айында 27 нысан пайдалануға тапсырылды. Нақтырақ айтқанда, Сарыағаш ауданында – 5, Келесте – 1, Төлебиде – 1, Отырарда – 2, Созақ ауданында 2 нысан ел игілігіне берілді. Нәтижесінде, 20 645 тұрғыны бар 11 елді мекен ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар, 16 елді мекеннің (Түркістан қаласы – 2, Бәйдібек ауданы – 1, Арыс қаласы – 4, Төлеби ауданы – 3, Жетісай ауданы – 2, Мақтаарал – 2, Созақ – 1, Шардара – 1) 72 358 тұрғыны ауыз сумен қамтылып, тозығы жеткен су құбырлары жаңартылды.