ТҮРКІСТАН: Ауа райы күрт өзгеріп, төтенше жағдай туындауы мүмкін

0
1 024

Қатты жауын-шашын болып, қар жауады.


ТҮРКІСТАН: Ауа райы күрт өзгеріп, төтенше жағдай туындауы мүмкін

Түркістан облысында ауа райы күрт өзгеруі ықтимал, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қазгидромет» РМК-ның 10 ақпанға дейінгі болжамына сәйкес, Түркістан облысы аумағында ауа райы күрт өзгеріп, төтенше жағдайлар туындауы мүмкін.


Атап айтқанда, 9-10 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын болып, қар жауады. 9 ақпанда облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, 10 ақпанда таулы аудандарда бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Сонымен қатар, өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік бағытына ауысатын 17-22 м/с жылдамдықпен жел соқса, 9 ақпанда тау асуларында екпіні 23-28 м/с жел тұрады.


Ауа температурасы күндіз 10-15 градус болса, облыстың солтүстігіндегі таулы аудандарда -8 градусқа дейін төмендеп, аяз түседі.