ТҮРКІСТАН: Аудан басшысы "Алтын белгі" және "Үздік аттестат" иегерлерін марапаттады

0
2 663

Орталық алаңда өткен шараға 56 мектептің бітіруші түлектері қатысты.


ТҮРКІСТАН: Аудан басшысы

Мақтаарал ауданында "Жастар жылы" аясында аудан әкімі Бақыт Асановтың мектеп бітіруші түлектерге арналған "Жолың болсын, жас түлек!" атты салтанатты кеші өтті. Іс-шара барысында сөз алған аудан басшысы түлектерге ақ жол тілеп, "Алтын белгі" және "Үздік аттестат" иегерлерін марапаттады, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

"Адамзат қашанда биіктікті білекпен емес, біліммен бағындырған. Ел болашағы білімді ұрпақтың қолында. Елімізді келешекте түрлі белестерден алып өтетін – сіздерсіздер! Сондықтан алған білімдеріңізді еліміздің, Түркістан облысымыздың, ауданымыздың гүлденуіне жұмсап, қабілеттеріңізді көрсетуге күш салады деп сенемін!", - деді Бақыт Насырханұлы.

Биылғы «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін марапаттау салтанаты жоғары деңгейде өтті. Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен шараға 56 мектептің бітіруші түлектері қатысты.

Жалпы 2018-2019 оқу жылында ауданымыздағы 56 мектепте 27 мыңнан аса оқушы білім алды. Оның 1666-сы биылғы мектеп бітіруші түлектер. 93 бітіруші "Алтын белгі", 65 бітіруші «Үздік аттестат» иегері атанып отыр. Сондай-ақ, 9-сыныпты бітіруші 2368 білім алушыдан 193 оқушы негізгі орта білімі туралы үздік аттестат иегері атанған. Ендігі мақсат – ұлағатты ұстаздар мен ата-ананың ақ үмітін ақтап, жоғары оқу орындарына түсу.

Салтанатты шара барысында ауданның мәдениет қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырып, мереке иелері де өз өнерлерін паш етті. Жалынды түлектер әуелете ән шырқап, қоштасу вальсін биледі.

Дереккөз: Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі