ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы санағына дайындық пысықталды

0
122

Ауыл шаруашылығы санағы — саланы дамыту бағыттарын айқындайды.


ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы санағына дайындық пысықталды

Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімдерінің орынбасарларымен мәжіліс өткізіп, өңірдегі санақ барысын саралады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.


Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімдерінің орынбасарларымен мәжіліс өткізіп, өңірдегі санақ барысын саралады.


Облыс бойынша 40 мыңға жуық жеке қосалқы шаруашылық, 85 мыңнан астам шаруа-фермерлік қожалық, 4 мыңнан астам заңды тұлғалар санаққа қатысады деп жоспарланып отыр. Өңірлерде онлайн тіркелу бұрыштары жасақталып, жұмысын бастап кетті.


Облыс әкімінің орынбасары әсіресе интернет желісінің ақаусыз қызметін қамтамасыз ету қажеттігін ескертті. Жұмыс барысында туындаған мәселелерді дер кезінде назарға алып, шұғыл әрекет етуді тапсырды.


Ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең – 1-31 тамыз аралығында респонденттердің “sanaq.gov.kz” сайтында онлайн форматта сауалнаманы толтыруы арқылы жүзеге асады. Екінші кезең – ­ 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында интервьюерлермен елді мекендерді аралау, онлайн форматта деректерді енгізуі арқылы жүргізіледі.


Санақты өткізудегі басты мақсат – аграрлық сектордың дамуын болжау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы туралы толыққанды шынайы ақпарат алу.


Санақ барысында азық-түлік тауарын өндірушілердің мәліметтері тіркеледі. Белгіленген әр санат бойынша деректер толықтырылады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйін нақты деректермен зерделеп, қолдау тетіктерін қайта түзуге жол ашады.


Ауыл шаруашылығы саласын оңтайландыру және бюджет қаражатын жоспарлау үшін бұл шара аса маңызды.

Бөлісу